Колледж оқытушылары жоғары біліктілігімен, инновациялық тәсілдерімен ерекшеленіп, оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы студенттерге білім береді. Оқытушылардың кәсіби деңгейі үздіксіз жетілдіріліп, түрлі сертификаттар мен марапаттарға ие болды.
Колледж директоры Р.Қ. Жантелов – білім беру саласындағы ерекше еңбекқор, үздік педагог, және жетекші тұлға. Оның кәсіби қызметі көптеген марапаттармен және жетістіктермен бағаланды.
Қолжетімді және жоғары дәрежелі алғыс хаттар:
Талдықорған қаласының әкімдігі тарапынан алғыс хат;
Алматы облысы білім басқармасы алғыс хаты;
Жетісу облысының Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы алғыс хаты;
Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі алғыс хаты;
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана директорының алғыс хаты.
Ғылыми еңбектер мен жетістіктер:
- 10-нан астам ғылыми мақалалар мен зерттеулердің авторы;
- 2 әдістемелік ұсыным мен оқыту сапасын арттыруға арналған жұмыстардың авторы;
- 1 ғылыми жоба авторы, қоғамға және білім саласына жаңа көзқарастар мен тиімді әдістер енгізу.Осы жетістіктері арқасында Р.Қ. Жантелов колледждің білім беру үдерісіне тың серпін беріп, көптеген жастардың келешегіне мол мүмкіндіктер ашты. Оның жетекшілігімен оқу ордасында көптеген жаңашылдықтар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
- Р.Қ. Жантеловтың ұстаздық еңбегі студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, сондай-ақ олардың рухани-адамгершілік дамуына да үлкен әсер етті.
Битлеуова Маржан Касымхановна, колледжіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен жетістіктерімен танылған тұлға. Оның еңбек жолы әртүрлі марапаттар мен жетістіктерге толы.Маржан Касымхановна өзінің білім беру саласындағы жоғары біліктілігін көрсету мақсатында түрлі сертификаттар мен наградаларға ие болды. 2020 жылы ол «Didakt» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы тарапынан алған сертификаттарымен ерекшеленді.
Сонымен қатар, «TaLAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқу-тренингтік орталығы мен «Didakt» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен біліктілігін арттыру бағытында арнайы Алғыс хат алды.
Маржан Касымхановна ғылыми-зерттеу жұмыстарының да белсенді қатысушысы. Ол 2020 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Алтын Орда-Қазақ мемлекетілігінің қайнар бастауы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, ғылыми мақала жариялады. Сонымен қатар, «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне өндіру» тақырыбындағы мақаласы республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияда жарық көрді.
Маржан Касымхановна кәсіби саласында ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенді. 2021 жылы Қазақтың Ұлы тұлғасы Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай медальмен марапатталды. 2022 жылы Президенттік тест жарысында III орын алса, 2023 жылы «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдастырған жыр мүшайрасында I орын алып, елді жемқорлықсыз жарқын болашаққа үндеді.
Ол сондай-ақ «Буллинг-себептері, формалары, алдын алу» атты курсты аяқтап, «Волонтерлік негіздері» курсына қатысып, көптеген қоғамдық және мәдени шараларда белсенділік танытып келеді.
Барлық жетістіктері мен еңбегі үшін Жетісу облысы білім басқармасы тарапынан «Алғыс хат» және «Құрмет граматасы» марапатталды.
Маржан Касымхановна Битлеуованың әрбір жетістігі мен марапаты оның колледжіміз бен қоғамда маңызды рөл атқаратындығын, білім беру саласында жоғары кәсіби біліктілікке ие екендігін көрсетеді. Оның қажырлы еңбегі мен білім алушыларға жасаған сапалы тәрбиесі білім ордасының дамуына зор үлес қосып келеді.
Колледждің Директордың өндірістік іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары және сабақ кестесін үйлестіруші Манабай Гаухар Әділжанқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, білім беру саласында өз ісіне адал әрі жоғары кәсіби маман. Гаухар Әділжанқызының білім беру саласындағы тәжірибесі мен ғылыми жетістіктері ерекше назар аударады.
Ол 2023 жылы "Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру" атты оқу құралын жарыққа шығарып, ұстаздардың біліктілігін арттыру мен оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мәселелеріне қатысты тың пікірлер мен инновациялық тәсілдер ұсынды. Оның жетекшілігімен колледжде өндірістік іс-тәжірибелер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сабақ кестесінің үйлесімділігі әрқашан жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Манабай Гаухар Әділжанқызы өзінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен және білім беру саласындағы терең білімімен колледждің дамуына маңызды үлес қосып келеді.