- Колледжіміздің студенттері жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары бойынша жоғары сапалы оқытушылар ұжымы, заманауи әдістемелер мен технологиялар қолданылып, студенттердің кәсіби біліктілігі арттырылуда.
- Кіші сыныпты оқыту құзыреттілігі бойынша WorldSkills Zetsyu 2024 чемпионатында біздің колледж студенті Сағымбек Ақерке жетекшісі Битлеуова Маржан Касымхановна қолдауымен марапатталды! Бұл жетістік – студентіміздің білім мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуінің, сондай-ақ Маржан Касымхановнаның кәсіби жетекшілігінің нәтижесі.
- Колледждің студенттері үлкен жетістіктерге жетіп, Биология пәнінен аймақтық олимпиадада 1 дәрежелі диплом иеленді! Гулнур Әскербекқызының жетекшілігімен 111 топ студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, бұл олимпиадада өзінің білімін дәлелдеді. . Мукашева Айнур Аскаровна жетекшілігімен 111 топ студенттері Физика пәнінен аймақтық олимпиадада 3 дәрежелі диплом иеленді! Бұл жеңіс – студенттердің еңбекқорлығы мен Айнур Аскаровнаның кәсіби біліктілігінің нәтижесі. Колледж студенттері мен ағылшын пәнінің оқытушысы Жанарбекқызы Салтанат қалалық және облыстық Зерде мен Дарын ғылыми жобаларында 1-ші және 2-ші орындарды иеленді! Облыстық пән олимпиадасында біздің колледждің студенттері 3-орынды иеленді! Бұл жеңіс – студенттеріміздің жоғары білім деңгейін, күш-жігері мен табандылығын дәлелдеді. Бұл жеңіс – Салтанат Жанарбекқызының кәсіби біліктілігінің, оқытушылық шеберлігінің және студенттердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.
- Колледжде өткізілетін арнайы курстар мен мастер-класстарға жоғары оқу орындарының жетекші мамандары шақырылып, студенттерге теориялық біліммен қатар, практикалық дағдылар да берілуде.