Колледждің студенттері әртүрлі қайырымдылық шараларына, экологиялық бастамаларға белсене қатысып, қоғам алдындағы жауапкершіліктерін терең түсінеді.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілетін мәдени шаралар ұйымдастырылады.
Колледж студенттері мен оқытушылары түрлі салада елеулі жетістіктерге жетіп, бірнеше марапаттарға ие болды. 2023 және 2024 жылдардағы жетістіктері колледждің шығармашылық және кәсіби тұрғыдан дамуын көрсетеді. «WorldSkills Zhetusy-2023» кәсіби шеберлік чемпионаты Колледж студенті Бектемисова Ф. аталмыш чемпионатқа қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістік колледжіміздің кәсіби маман дайындау жолындағы тиімді жұмысын дәлелдейді. Облыстық пікір сайыс турнирі «Үздік төреші» номинациясы бойынша 50000 теңге сертификат иегері атанды. Осыған қоса, Айтбек Т. студентіміз «Ахмет Байтұрсынов және Әділетті Қазақстан мұраты» қалалық колледждер арасындағы пікірсайыс турнирінде екінші орын иеленді.
Жемқорлыққа қарсы пікір сайысы 431 және 351 топ студенттері «Жемқорлық әдет пе, әлде ауру ма?» қалалық пікір сайысында 1-ші орын жеңіп алды. Жетекші Битлеуова М.Қ. болған бұл сайыс колледждің жемқорлыққа қарсы ұстанымын нақтылайтын оқиға болып табылады. Жыр мүшайрасы.
Талдықорған қаласының колледждері арасында өткізілген «Жемқорлықсыз жарқын болашақ» жыр мүшайрасында колледж студенттері 1-ші және 2-ші орындарды жеңіп алды. Эко еріктілер клубы және экологиялық іс-шаралар
Колледж студенттері экологиялық жұмыстарда белсенді қатысып, «Тасбақа» атты орынға барып тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Жасыл болашақ» атты экологияны қорғау мақсатында еріктілер клубы құрылды. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» брейн-ринг турнирі Қала колледждерінде өткізілген бұл турнирде колледж студенттері алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Адал ұрпақ қандай болу керек» бейне челленджі байқауында 211 топ студенті 1-орынды жеңіп алды.Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы Колледж студенттері «Алғыс хат»пен марапатталды. Бұл акцияның нәтижесінде колледж кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға үлкен үлес қосты.
WorldSkills Zhetisu-2024 Бұл байқауға колледж студенттері қатысып, марапатқа ие болды, бұл да студенттердің шығармашылық және кәсіби қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстардың жемісі болып табылады. Бұл жетістіктер колледж студенттері мен оқытушылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Олар тек академиялық білім мен кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экологиялық сананы қалыптастыру сияқты маңызды құндылықтарды да меңгеріп келеді. Осындай жетістіктердің арқасында колледждің абыройы мен мәртебесі арта түсуде.