Инновация колледжі — білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шараларды іске асырып келеді.
Қазіргі таңда колледжіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім беру мен тәрбие саласында өз орны мен беделін нығайтуда.
Талдықорған қаласының инновация колледжі 1999 жылы құрылған.Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Самал шағын ауданы, 32-үй мекенжайында орналасқан. Колледждің негізгі қызметі орта арнаулы білім беру болып табылады. Колледж директоры – Руслан Кабдешұлы Жантелов. Колледждің байланыс телефоны: +7 (7282) 41-65-05, электрондық пошта мекенжайы: kolledzh_bilim@mail.ru. Instagram парақшасы : innovation__college_.
«Білім» гуманитарлық-техникалық колледжі жалпы білім беретін мектептің 9 және 11 сыныптары негізінде білімі бар мамандарды даярлайтын техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында қызмет көрсетеді. Оқуды аяқтаған соң бітірушіге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.