Блог директора Құрметті колледж ұжымы мен студенттері!
Сіздердің өтініштеріңізге жедел және тиімді жауап беру үшін виртуалды қабылдау бөлмесі мен колледж директорының блогын барлық мүдделі тұлғалармен байланыс орнату үшін бір форматқа біріктіру туралы шешім қабылданды.
Колледж директорының ресми блогы интерактивті сұрақ-жауап форматында жұмыс істейді. Сұрақтарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдырып, өз пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын. Сіз барлық сұрақтарыңызға онлайн жауап аласыз. Міне, осылайша кемшіліктерді түзеп, жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарта аламыз.
Блог арқылы ғана емес кері байланыс орнату мүмкіндігіне ие болу үшін байланыс ақпаратыңызды қалдырыңыз. Бұл қажет болған жағдайда сізбен байланысуға көмектеседі.
Менің блогым арқылы диалог пен кері байланысты жүзеге асыру әкімшілік кедергілерді азайтуға, колледж қызметіне бақылауды күшейтуге, халыққа білім беру қызметінің сапасын арттыруға және ынтымақтастығымыз пайдалы әрі қызықты болады деп сенемін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: бейсенбі – 16.00-18.00