Кітапхана
КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ
Оразалиева Толғанай Нурланбекқызы
Колледж кітапханашысы
«ХХІ ғасыр - мәдениеттің,ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»Н. Ә.Назарбаев
Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің кең ордасы.
Кітапхананың жалпы аумағы 147,5ш.м кітап қоры-8057дана. Оқырмандарымызға 50 орындық оқу залы, абонемент жаңа оқулықтар қорымен, оқу залы интернет жүйесіне қосылған 30 компьютерімен қызмет көрсетеді.
Кітапхананың мақсаты мен міндеттері:
- Оқырмандардың кітапқа және ақпаратқа деген жан-жақты қажеттіктерін қанағаттандыру, олардың оқуға және өздігінен білім алуға деген қажеттіктерін дамыту;
- Білім алушылардың интеллектуалдық, мәдени және имандылық даму мақсатында жәрдемдесу, қорда бар мәдени мұраны насихаттау, өз қызметінде жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдар алу;
- Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, оларды кітапты, кітапхананы, ақпарат қорларын шебер пайдалану дағдысына үйрету;
- Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстардың статистикалық және жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілерімен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу;
- Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу;
Кітапхананың негізгі бағыттары:
-Кітапханадағы жұмыстарды ұйымдастыру;
- кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, конференциялар өткізу;
- кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процестерін ұйымдастыру.