Арнайы пәндерде жобалау технологиясын қолдана отырып, оқушыларды жобамен жұмыс жасауға үйрету

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды толық білім саласына енгізіп, мультимедиа, интернет технологияларының және ақпараттық технологияларының кең етек жаюы, оқытудың жаңа тиімді құралы етуге болатынын дәлелдейді

Бүгінгі күннің өзінде бала мектеп табалдырығын аттамай- ақ компьютерде жұмыс істеуді меңгереді, яғни 1-сыныпқа келген бала «компьютермен» тіл табысып, сол арқылы ақпарат алу тиімділігін түсініп келетінін мойындау қажет. Сондай – ақ, сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Бастауыш  сыныпта жобалық оқыту  технологиясын қолдана отырып, жоба жұмысымен айналысуға үйрету - бастауыш сынып оқушыларының субъектісін дамытуды ақпараттық технологиялар көмегімен де қамтамасыз ету маңызды, бастауыш сынып оқушыларының субъектік белсенділіктерін дамыту мақсатында әртүрлі белсенді әдістерді қолдану тиімділік көрсететіні байқалады.

Жобалау әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.

Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және  құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Жобалау әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Жобалар әдісінің  мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыра отырып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамытады. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғыдан іздеп, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастырады.

Жобалау әдісі  біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден –   нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің  интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы тиіс.

Бастауыш сыныпта жобалау түрлерін қалай қолдануға болады?

Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады: 

  1. Жобада басты іс-әрекет:

Сабақ барысында жобалық оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушыларға

зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы, таныстырулық бағыттары бойынша жұмыс жасауға икемдеуге болады.

  1. Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы:

 Сабақты  моно жоба түрінде алып, белгілі бір тақырып бойынша сабақ үстінде зерттеу, іздеу әдістері  арқылы оқушыларға нені қалай қалай іздеу керектігін, тақырыптың маңыздылығы мен мазмұндылығын ұғындыруға болады.Ал пәнаралық жобада күнделікті тіршіліктегі өздері қолданып жүрген заттардың жан – жақтылығы, оның адам өміріндегі пайдасы туралы ұғындыруға негіз болады.

Жобалау әдісінде оқушыларды жобамен жұмыс жасаудың кезеңдерін екі түрлі белсенді әрекеттендіруге болады:

Біріншісі  техникалық құралдарды пайдалана отырып, заттардың өнімділігін анықтау жоспары бойынша кезеңдерге бөлу: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды. 

Іздеу кезеңі:

- Мәселені іздеу және талдау.

- Жоба тақырыбын таңдау.

- Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау.

- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.

 Конструкторлық кезеңі:

- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу. 

- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.

- Дайындау технологиясын таңдау.

- Экономикалық баға беру.

- Экологиялық сараптама жасау.

- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.

 Технологиялық кезең:

-Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.

- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.

- Сапаға ағымдық бақылау жасау.

- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.

 Қорытынды кезең:

- Жобаның орындалуының сапалық бағасы.

- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.

- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).

Екіншісі   деректер мен зерттеулерге сүйене отырып, ақпараттың дәлдігін анықтау жоспары бойынша келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді бағалау.

 Дайындалу:

- мәселені және одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді анықтау;

- мәселені шешудің болжамдарын беру;

- зерттеу әдістерін талқылау.

 Жоспарлау:

- ақпарат көздерін анықтау;

- ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау;

- нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау;

- нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату;

- топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу.

 Зерттеу:

- ақпараттарды жинау;

- аралық тапсырмаларды шешу.

Нәтижелер және қорытындылар:

- алынған көрсеткіштерді талдау;

- қорытындыны тұжырымдау.

 Нәтижелер мен үрдісті бағалау:

- соңғы нәтижелерді рәсімдеу;

- қорытынды  жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар. 

 Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау әдіс-тәсілдерін таңдай білуге үйретеді.
  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды.

Педагогика және психология пәнінің оқытушысы: Э.К.Асанова
edx
fincenter
group-global
magna-charta
edu.gov
online-expo
zhetysu-edu
ziyatker

Бізбен байланысыңыз

«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжі

  • Мекенжай: Алматы облысы, Талдықорған қаласы «Самал» ш/а 32 үй
  • Телефон нөмірі: 8 7282 25-33-96
  • Электрондық пошта: kolledzh_bilim@mail.ru
  • Факс нөмірі: 8 7282 25-20-26

Студенттің пікірлері