Арнайы пәндерді оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі

Интербелсенді оқыту – танымдық әрекетті арнайы ұйымдастыру формасы. Мұнда оқыту - білім алушылардың өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратындай ұйымдастырылады.

Білім алушылардың барлығы танымдық үдеріспен қамтылып, білім мен идея алмасу үздіксіз жүреді.

Интербелсенді әдістерге:

  • Жобалау әдісі;
  • Пікірталастар;
  • Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
  • Кейс-стади;
  • Миға шабуыл;
  • Insert
  • Инттелект картасы және т.б. әдістер тобы жатады.

            Интелект картасы  -  кез – келген үдерісті немесе жағдайды кешенді,  жүйелі және графикалық түрде ұсынудың техникасы болып табылады. Интеллект картасын 20-ғасырдың екінші жартысында ағылшын психологы  Тони Бьюзен ойлап шығарған болатын. Автор картаны қолданудың ережелері мен принциптерін, оны құрастырудың жолдарын ашып, әдістің әлемге таралуына үлес қосты.  Интеллект картасы – жаңа ақпаратты есте қалдыру мен талдау, шығармашылық тапсырмаларды шешу, қабылдау мен ойлауды дамытудың құралы болып табылады. Аталған әдісті қолданудың нәтижелілігі -  ақпаратты талдауға жауап беретін адам миының  құрылымымен тығыз байланысты. Адам миының сол жақ жарты бөлігі – логикаға, сөзге, санға,  талдауға, бірізділікке жауап берсе, оң жақ жарты бөлігі  - түстерді қабылдауға, ырғаққа, бейнелер мен өлшемдерді, кеңістік қатынастарын қабылдауға жауап береді екен. Олай болса, интеллект картасының мақсаты -  мидағы ақпараттарды тәртіпке келтіріп, алдыға қойылған мәселенің толықтай бейнесін жасау болып табылады.

            Үлкен көлемді дәрістерді, ақпараттарды білім алушыларға меңгертуде, талдауда картаны қолдану аса қажет. Дәстүрлі конспектілеу түрінде берілген ақпарат пен дәрісті жазып отыру уақытты тиімсіз пайдалануға алып келеді, күнделікті бірсарынды дәрістер білім алушыларды жалықтырып, ақыл-ой қабілеттері мен есте сақтаудың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ал интеллект картасын құру – мәтінді жақсы игеруге, есте қалдыруға септігін тигізумен қатар, шығармашылық және креативті тұрғыда ойлауға мүмкіндік беріп,  адам миына жаттығу болып табылады.

 

Интеллект картасын құрудың ережелері:

  1. А3 форматындағы немесе одан үлкен ақ парақты қолдану;
  2. Power Point, Free  Mind,  Mind  Maps компьютерлік бағдарламаларын пайдалану;
  3. Зерттеу объектісін анықтап, негізгі идеяны бейнелейтін белгіні немесе ұғымды парақшаның ортасына орналастыру;
  4. Тақырыптың негізгі мазмұны мен идеялары орталық бейнеден бұтақшалар түрінде таралады;
  5. Картаның элементтері арасындағы байланыстарды көрсетуде «бағыттарды» да пайдалануға болады. «Әрбір бағытқа бір ғана негізгі сөз» қағидасын ұстаныңыз;
  6. Түрлі түстер мен түрлі шрифттағы әріптерді, графикалық суреттерді қолданыңыз;
  7. Картадағы ақпарат сағат тілімен орналасса, түсінікті болады.

 

            Интеллект картасын оқыту барысында қолдану оқытушылар үшін: білім алушылардың білім сапасы мен оқуға ынтасын және білім беру үдерісіндегі бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға; пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруға; іс – әрекетті белсенді етуге көмектеседі деп есептеймін.

            Ал білім алушылар үшін интеллект картасы:  кең көлемді ақпаратты талдап, оның себеп - салдарлық байланысын анықтап, мәселенің тұтастай бейнесін көруге және тез қабылдауға; оқу пәнін меңгерудегі осал жақтарын анықтауға; оқу материалдары бойынша шығармашылық түрде жеке және жұппен, топпен жұмыс жасауға; ақыл-ойын, өздерінің күштері мен қабілеттеріне деген сенімділігін, танымдық белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. 

           Дәстүрлі білім беру жүйесінің мақсаты -   нақты белгілеген білім жиынтығын игертумен шектелсе, қазіргі инновациялық көзқарас ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістерді, жаңа педагогикалық технологияларды  қолдану арқылы тұлғалық даму мен өздігімен білім алуды, оқытудың нәтижеге бағыттылығын көздейді.

Арнайы пәндер оқытушысы:А.Т.Исмаилова
edx
fincenter
group-global
magna-charta
edu.gov
online-expo
zhetysu-edu
ziyatker

Бізбен байланысыңыз

«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжі

  • Мекенжай: Алматы облысы, Талдықорған қаласы «Самал» ш/а 32 үй
  • Телефон нөмірі: 8 7282 25-33-96
  • Электрондық пошта: kolledzh_bilim@mail.ru
  • Факс нөмірі: 8 7282 25-20-26

Студенттің пікірлері