2019 жылдың 15 қаңтарынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейін «Білім жолында» Халықаралық білім беру орталығы қашықтықтан бірінші Халықаралық пәндік олимпиаданы ұйымдастырды. Колледждің бірінші курс, 101 тобының студенттері Алтынай Асерханова «Қазақ тілі» пәні бойынша мен Жулқарова Жансая «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша бірінші орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!! Жетекшілер: М.М.Байтубекова, Д.Т.Шешегенгелдинова.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдаструымен 2018 жылдың 13 желтоқсанында, Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінен орай Талдықорған қаласында орналасқан колледж студенттері арасында «Көркем сөз шебері» атты облыстық байқауы өткізілді.
2018 жылдың 11 желтоқсанында өзге этнос өкілдері арасында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күніне арналған «Менің мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан» атты Көркем сөз байқауына колледждің 206 топ білім алушысы Воздвиженская Виктория қатысты. Байқау талаптары бойынша Виктория Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін қазақ тілінде оқып, «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбына эссе жазды. Қазылар алқасының ерекше көзіне түсіп, ІІ орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Жетекшісі- Т.Н.Оразалиева
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Шебер Педагог-2019» атты республикалық байқауына «Ең үздік баяндама» номинациясы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін колледждің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Оразалиева Толғанай Нұрланбекқызы І орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!