«Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік іс- шара аталып өтті. Аталмыш іс- шараға колледжіміздің педагогика – психология пәнінің оқытушылары С.Н.Күмісбекова, А.Қ. Аширова жауапты болды. Мерекелік іс- шара жүргізушілері 306 топ студенті Көпенова Данагүл және 307 топ студенті Төлебаев Ерсұлтан болды. Мерекелік кешке колледжіміздің белсенді топтары 101,104,202,206,301,306,302 топ студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Колледжіміздің атқарушы директоры Ф.Т.Керимтаева колледж оқытушыларына құттықтау сөзін айтып, сыйлықтырын табыстады. Мереке өте жоғары деңгейде өтті.