І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректорымен кездесу
Жоғары оқу орындарына қабылдау үшін кешенді тестілеуге колледждің студенттерін кәсіптік бағдарлау және дайындау мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректорымен, Алтынсарин атындағы ҚБА академигі, география ғылымдарының докторы, профессор К.М. Баймырзаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында ректор колледж студенттеріне университеттің мамандықтары туралы, оқу жүйесі мен формалары және қабылдау комиссиясының жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол 2018 жылдың сәуір айында кешенді тестілеуге дайындалу үшін колледж түлектеріне арналған тегін оқыту курстарын өткізу туралы ақпараттандырды.
Соңғы "Білім"
Пікіріңізді қалдырыңыз
Барлық өрістерді (*) толтырғаныңызды, өрістер қажет екенін тексеріңіз. HTML рұқсат етілмейді