Түске дейінгі мерзімде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтарының ұсынған материалдары 6 секция бойынша өтті.
Тәжірибе алмасқан оқытушылардың жұмыстарын облыстық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, «Өрлеу» БАҰО мамандары. «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренерлері тарапынан бағаланып, үздік жұмыстар анықталынды. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» 6-шы секция жұмысының нәтижесі бойынша колледжіміздің психологы Асанова Эльимра Камардинқызы І орынға ие болды.
Педагогикалық оқулардың қорытынды кезеңінде облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі Қабдұлова Алуа Жанатайқызы біраз жылдардан бері серіктестікте белсенді әрі бірлесе жұмыс жүргізген мекеме мамандарын алғыс хатпен және секция жұмыстарының қорытндысы бойынша жүлделі орындарды иеленген оқытушыларды 1,2,3 дәрежелі дипломдармен мараппаттады.