Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі

Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі

Сарсембаева Жанар Ержанқызы

 

Байланыс деректемелер:сот: 87025610141, каб.№ 12:

 

Сырттай оқу бөлімі

    Сырттай бөлім -  колледждің сырттай оқу бөлімінде мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлім болып табылады.

    Қазіргі уақытта сырттай оқу бөлімде 357 студент оқиды. Сырттай бөлімнің студенттердің құрылымы әр түрлі жаста. Колледж білім алушылары кеше ғана оқу бітірген мектеп оқушылары, армиядан оралған жастар, колледж, университет, лицей түлектері, 30 жастан асқан адамдар біздің колледжге сырттай оқуға қабылдануға мүмкіндіктері бар.

 

Сырттай оқу бөлімінің артықшылықтары

    Жұмыспен оқудың үйлесімі сіздің материалдық әл-ауқатыңызды үздіксіз ұстап тұруға, іс жүзінде алған біліміңізді тәжірибеде қолдануыңызға, мансаптық өсуге мүмкіндік береді.

   Сырттай оқу бөлімнің студенттері барлық қажетті әдістемелік материалдармен, оқу құралдарымен, электронды оқулықтармен қамтамасыз етілген.

    Колледжде білім алу кезінде, сіз кез-келген жұмысқа пайдалы бола алатын тәуелсіз ойлау дағдыларын дамытасыз. Сіз жүйелі түрде ойлануға, жағдайды бағалауға, қорытындылар мен болжамдарды жасауды үйренесіз – осындай жоғары біліктілігі бар мамандар қазіргі нарықты сұранысқа төтек бере алады және жоғары төлем ақысы бар жұмысқа орналаса алады.

    Сіздің болашақ жұмыс берушіңіз үшін Сіздің қандай оқу формасында оқып жатқаны маңызды емес: күндізгі немесе сырттай. Қалай болса да, кәсіби шеберлікті үйренуге тура келеді. Сырттай оқып жүрген адамдардың көпшілігі өндірістік жұмыс тәжірибесі, еңбек тәртібін және жұмыс тәртібін біледі. Бұл жұмысқа қабылдау кезінде айқын артықшылық!

 

Егер Сіз, өндірістен (жұмыстан) алыстамай білім алып мұғалім болғыңыз келсе - онда Сізге біздің білім ұйымына келу керек!

«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің сырттай оқу бөлімінде кім оқи алады?

Сіз жұмыс істеп және жұмыспен қоса білім алғыңыз келе ме?

Сіздің балаларыңыз бар, бірақ сіз білім алуға ұмтыласыз?

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықта оқуды қалайсыз ба?

Сіз қазіргі уақытта өз мамандығыныз бойынша жұмыс істеп жатырсыз ба?

 

Онда сіздің таңдауыңыз - «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің сырттай оқу бөлімі!

 

Колледж сырттай бөлімде келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

р/с

 

МАМАНДЫҚТАР: 

 

БІЛІКТІЛІКТЕР:

Оқыту мерзімі

11 сынып

Жоғары білім және кәсіптік орта  білімнен кейін

 1

 «Бастауыш білім беру»

«Бастауыш білім беру  мұғалімі»

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

«Информатика пәнінің бастауыш білім беру

мұғалімі»

«Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

2

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

3

«Кітапхана ісі»

«Кітапханашы»

1 жыл 10 ай

10 ай

4

«Негізгі орта білім»

«Қазақ  тілі мен  әдебиеті  мұғалімі»

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

«Орыс тілі мен әдебиеті  мұғалімі»

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

edx
fincenter
group-global
magna-charta
edu.gov
online-expo
zhetysu-edu
ziyatker

Бізбен байланысыңыз

«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжі

  • Мекенжай: Алматы облысы, Талдықорған қаласы «Самал» ш/а 32 үй
  • Телефон нөмірі: 8 7282 25-33-96
  • Электрондық пошта: kolledzh_bilim@mail.ru
  • Факс нөмірі: 8 7282 25-20-26

Студенттің пікірлері