Колледж психологы
Асанова Эльмира Камардинқызы
Байланыс деректемелер:сот: 87024433084, каб.№ 16
ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК ҮДЕРІСТІ ПСИХОЛОГО-ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ
Мақсаты: білімгерлерге оқудағы қиындықтарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, олардың жеке қабілеттері мен ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, жеке даму, білімгерлерді табысты әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
• студенттерді дамытуда, білім беруде және әлеуметтендіруде проблемалардың туындауына жол бермеу;
- оқу орнына бейімделуде студенттерге әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
• шарттар мен оқу процесінің нәтижелерін психологиялық-педагогикалық жобалау, сараптама және мониторингін құру;
• білім беруде ұжым құрамымен бірлесіп салауатты жоспар құру;
• студенттердің, ата-аналар мен мұғалімдердің психологиялық мәдениетін қалыптастыру;
• қарсы әлеуметтік құбылыстардың профилактикалық бағытын күшейту;
• студенттер үшін тиімді технологиялар мен педагогикалық қолдауды дамыту;
• қиын жағдайларға тап болған немесе психологиялық зардап шеккен студенттерге, жетім балаларға психологиялық қолдау көрсету.
Жұмыс бағыттары:
І. Диагностикалық жұмыстар
Мақсаты: білімгерлердің психикалық жағдайын анықтау, олардың колледж өміріне бейімделуін қалыптастыру
ІІ. Түзеу-дамыту жұмысы
Мақсаты:білімгерлердің психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті, білімділікті дамыту
ІІІ.Консультациялық жұмыс
Мақсаты: колледж ұжымы мен білімгерлеріне тәрбие және оқу процесінде кездесетін қиындықтардың алдын алуға көмек беру
ІV. Ағартушылық-профилактикалық жұмыс
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық және психикалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу