Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Директорддың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Макенова Рима Советханқызы

Байланыс деректемелер:сот: 87785966821, каб.№ 1:

 

ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

Міндеттері:

  • білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-

дың күшін біріктіру;

  • қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;
  • білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі

мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асыру механизмдері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

       Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие
  2. Ұлттық тәрбие
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  5. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.

КОЛЛЕДЖДІҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕСІ:   «Білім беру саласындағы құзіреттілік тәсілі негізінде бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау»      

          КОЛЛЕДЖДІҢ МАҚСАТЫ:  Оқу үрдісін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастырып, колледж білім алушыларының кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.

          МІНДЕТТЕРІ:

  1. Оқу үрдісін жаңа білім беру стандарттарымен және бағдарламаларымен қамтамасыздандыру;
  2. Күндізгі және сырттай оқу мамандықтарын оқу-әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз етуді дамыту;
  3. Оқу үрдісін әдістемелік, ақпараттық және техникалық құралдарын қамтамасыз ету;
  4. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығуына жағдай жасау;
  5. Білім алушылардың жаңаны түсіне білуге, ізденуге бағыттау.

Оқу-тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы орта кәсіптік білім беру мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартын негізге ала отырып жасалған.

            Тәрбие жұмысының келелі мәселесі: Ұлттық сана-сезімі жетілген, рухани адамгершілік деңгейі жоғары, бәсекеге  қабілетті болашақ мамандарды тәрбиелеу.

         Мақсаты: Сапалы білім мен саналы тәрбиемен қаруланған, жан-жақты дамыған, елжанды тұлға қалыптастыру.

         Міндеті:

  • Оқушы жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, ұлтаралық келісімге, әлеуметтік шығармашылық қабілеттілікке бейімдеу;
  • Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік дүниетаным мен мәдени қарым-қатынастарға баулу;
  • Ұлттық экономиканы дамытуға үлес қосатын, инновациялық технологияларды жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;
  • Ұлттық тәрбиені бойына сіңірген иманды ұл мен инабатты қыз тәрбиелеу;
  • Дарынды, шығармашыл, өнерлі өрендерге қолдау көрсетіп, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысуына мүмкіндік жасау;
  • ҚР-ның Заңын құрметтеуге, өз құқығын білуге, қоғамдық өмірде өз жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу;
  • Отанының, елді мекенінің, ұлтының тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін зерттеуге баулу;
  • Мәдени орталықтарға (көрме, мұражай, театр, т.б.) бару арқылы атақты тұлғалардың өмір жолымен, атқарған қызметімен танысу;
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге баулу;
  • Мамандықтарын жете меңгерту мақсатында олимпиадаларға, КҒА-на, ғылыми-практикалық конференцияларға, қалалық, колледішілік шараларға қатыстыру;
  • Колледждің ішкі тәртібіне, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға бағыт беру;
  • Сабақтан тыс уақыттарда үйірме, клуб, спорттық секцияларды ұйымдастыру;
  • Еңбек және соғыс ардагерлерін құрметтеуге байланысты әр түрлі тақырыпта кездесулер ұйымдастыру;
  • Оқушы жастарды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға баулу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау, наркомания, токсикомания, шылым шегу және ЖҚТБ-ға қарсы күрес жүргізу;
  • Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, сақтандыру шараларын өткізу;
  • Қайырымдылық акцияларын, жәрмеңкелерін өткізу арқылы мейірімділік сезімге тәрбиелеу.                                                                 
edx
fincenter
group-global
magna-charta
edu.gov
online-expo
zhetysu-edu
ziyatker

Бізбен байланысыңыз

«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжі

  • Мекенжай: Алматы облысы, Талдықорған қаласы «Самал» ш/а 32 үй
  • Телефон нөмірі: 8 7282 25-33-96
  • Электрондық пошта: kolledzh_bilim@mail.ru
  • Факс нөмірі: 8 7282 25-20-26

Студенттің пікірлері